
Үкімет жанындағы Жобалық кеңсенің отырысында Салық кодексіне кезекті түзетулер тобы, оның ішінде қаржы секторына қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Almaty.news сайты.



Жобалық кеңсенің ақпандағы отырысында қаржы секторында жаңа Салық нормасын қолдануға байланысты 38 мәселе қаралған болатын. Мемлекеттік бюджет кірістері мен салықтық әкімшілендіруге әсерін тексеру үшін оның 7-еуі тағы да пысықтауға жіберілді. Талқылаудың қорытындысында үш мәселе түпкілікті шешім қабылдау үшін осы отырысқа шығарылды.
Үш негізгі мәселе
Бірінші мәселе 17-ші қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына (ҚЕХС) көшуге байланысты сақтандыру компаниялары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша салық жүктемесінің өсуіне қатысты.
Екінші мәселе, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы бастамашылық еткендей факторингтік операцияларды қосылған құн салығынан босатуға қатысты.
Үшінші мәселе резидент еместердің бағалы қағаз операцияларынан түскен табыстарына салық салуға қатысты.