...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде реверсивті қозғалыс енгізілді

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын іске асыруға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс схемасы уақытша өзгертілді. Шектеулер инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

20 маусым күні сағат 22:00-ден бастап Саина көшесінен Отар көшесіне дейінгі учаскеде шығыс бағыттағы көлік қозғалысы шектелді. Өткізу қабілетін сақтау үшін көшенің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылды.

Осы учаскедегі инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары 25 маусымға дейін жалғасады. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін, 25-30 маусым аралығында көшенің қарама-қарсы жағында осындай жұмыстар жүргізіледі. Бұл кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерді сапарларын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді ескеруге, сондай-ақ жұмыс жүргізу кезеңінде орнатылған жол белгілері мен көрсеткіштерінің талаптарын сақтауға шақырады.

Дереккөз: Inalmaty.kz