...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы тауында үш жасөспірімнің 4,3 мың метр биіктікке көтерілуі эвакуациямен аяқталды

Алматы тауларында құтқарушылар үш жасөспірімді Сатпаев шыңынан эвакуациялады — құтқару операциясы 4317 метр биіктікте жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2008 және 2007 жылы туған үш жасөспірім шыңға көтерілгеннен кейін өздігінен төмен түсе алмаған.

«Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Таулы жердің күрделі рельефі мен кешкі уақытқа қарамастан, олар жасөспірімдерді тез тауып, қауіпсіз түсуге көмектесті», — деді құтқарушылар.

Құтқарылған жасөспірімдерді экопостқа аман-есен жеткізді. Ведомство олардың медициналық көмекке мұқтаж болмағанын атап өтті.

Бұған дейін Алматы тауларында құтқарушылар екі жас адамға көмектескен — олар да Сатпаев шыңында 4000 метрден астам биіктікте қалып қойған.

Дереккөз: Nur.kz