
2026 жылғы 23 маусымда Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Тұрғындарға жол жүруді жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдайлар — бұл зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаның жер беті қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ұсынылады:
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
- ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтырумен және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Бұған дейін Қазақстанның 16 облысы мен үш мегаполисінде дауылды ескерту жарияланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz