
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 20 маусым сағат 22:00-ден бастап Саин көшесінен Отар көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағыттағы көлік қозғалысы шектелген. Жолдың солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары 25 маусымға дейін жүргізіледі. 25-30 маусым аралығында дәл осындай жұмыстар қарама-қарсы жақта жүргізіліп, реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады, — делінген әкімдік хабарламасында.
Жүргізушілерге алдын ала бағдарды жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау ұсынылады.
Дереккөз: Nur.kz