
Алматыда бүгін Аль-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша тараптардың пікірсайысы өтті. Мемлекеттік айыптаушы сөз сөйлеп, сотталушыға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Прокурордың пікірінше, Zeekr жүргізушісінің кінәсі сот отырысында зерттелген дәлелдемелермен расталған. Ол көліктің жоғары жылдамдығы, түнгі уақыт және мас күйінде басқару оқиғаны абайсыздық деп бағалауға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны кінәлі деп тануды және оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Ал жәбірленушілер сотталушыны кешіргендерін айтты, алайда Zeekr соқтығысқан Mercedes көлігіндегі қаза тапқан жолаушылардың бірінің әкесі 100 млн теңге моральдық өтемақы сұрап, сотталушыға қатаң жаза тағайындауды талап етті.
Дереккөз: Inalmaty.kz