...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Instagram-дағы алаяқтыққа күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді

Түркиядан Қазақстанға бірнеше алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам депортацияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 19 маусымда іздеуде жүрген адам Түркия Республикасынан Қазақстанға жеткізілген. Ол Самсун қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталған.

Депортацияны ұйымдастыруға Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Түркиядағы өкілі ҚР Елшілігімен бірлесіп көмек көрсеткен.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін күдікті ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтты пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының ақшасын алдап алған. Жалпы залал 3 млн теңгеден асқан.

Депортациядан кейін ер адам ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

ІІМ-де қылмыстық қудалау органдарынан ел сыртына жасырынған адамдардың орнын анықтау және ұстау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Ресей іздеген қылмыскердің Ақмола облысында ұсталғаны хабарланған.

Дереккөз: Inform.kz