
2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында және Астана қаласында түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға қозғалысты жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеожағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейін қалыптастырудың маңызды факторларының бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ұсынылады:
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
- ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтырумен және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Бұған дейін елде қатты ыстық болатыны хабарланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz