...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда төрт автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді

Алматыда 20 маусымнан бастап жол жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көлік холдингінің мәліметінше, Тоқтабаев көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты №59, №63 және №119 бағыттарға өзгерістер енгізіледі. №59 және №63 бағыттар оңтүстік бағытта Алтынсарин — Шаляпин — Береговой — Жандосов — Сүлейменов көшелерімен жүреді, кейін әдеттегі схемаға шығады. Кері бағытта автобустар Сүлейменов — Жандосов — Береговой — Шаляпин — Алтынсарин көшелерімен жүреді. №119 бағыт оңтүстік бағытта Шаляпин — Береговой — Жандосов — Сүлейменов көшелерімен, кері бағытта Сүлейменов — Жандосов — Береговой — Шаляпин көшелерімен жүреді.

Сонымен қатар, Боралдай поселкісі арқылы оңтүстік бағытта Жаужүрек көшесінен БАК көшесіне оңға бұрылатын учаскедегі жол жұмыстарына байланысты №218 бағыттың схемасы уақытша өзгереді. Солтүстік бағытта автобустар Бурундай тас жолымен, Ашикеев, Жаужүрек, Әзербаев және Сейдалиев көшелерімен жүреді, кейін негізгі бағытпен жалғасады. Кері бағытта схема Сейдалиев, Әзербаев, Жаужүрек, Ашикеев көшелерімен және Бурундай тас жолымен өтеді.

Өзгерістер жөндеу жұмыстары аяқталғанша күшінде болады. Айта кетейік, 17 маусымнан бастап қалада бірқатар автобус және троллейбус бағыттарының схемасына уақытша өзгерістер енгізілген болатын.

Дереккөз: Inform.kz