
Алматы әкімдігі 2026 жылғы 19 маусымда жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) құрылысына байланысты маңызды көшеде шектеулер енгізілетінін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлап, осы учаскеде қозғалыстың қиындауын ескеру ұсынылады.
«Жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) бірінші кезегінің маршруты: Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылайхан даңғылы – «Алматы-2» теміржол вокзалы. Депо Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады. Бірінші кезектің ұзындығы – 18,3 км», – деп еске салды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2026 жылғы 18 маусымда Алматыда Жасыл базар маңындағы екі маңызды көшенің бір бағытты болғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz