
Алматыда құтқарушылар Кимасар шатқалында серуендеп жүріп, аяғын жарақаттап, әрі қарай жүре алмай қалған әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
Зардап шеккен әйел туралы хабар ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушыларына келіп түскен. Ведомствоның мәліметінше, 1964 жылы туған әйел таулы жерде серуендеп жүріп, аяғын бұрап алған. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жаяу топтар мен квадроцикл жұмылдырылды. Зардап шеккен әйел Кимасар шатқалындағы беседкалар маңындағы әткеншектердің төменгі жағынан табылды.
Қажетті көмек көрсетілгеннен кейін құтқарушылар әйелді қауіпсіз жерге дейін алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Дереккөз: Inalmaty.kz