
Алматыдағы айырбастау пункттерінде американ валютасы 490 теңгеден сатылуда. 18 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 487.73 теңгені құрап, 1.5 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 18 маусымдағы ресми доллар бағамы 489.39 теңгені құрайды. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 488 теңге, сату бағамы 490 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv