
Алматыда Диваев көшесі, 21/1 үйі бойынша орналасқан кезекті заңсыз дүкен бұзылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында нысанның иесі оны жобалық-сметалық құжаттамасыз, сараптама қорытындысынсыз, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаусыз салғаны анықталған. Иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Нұсқама талаптарын орындау үшін иесі заңсыз құрылысты өз бетінше бөлшектеді,
делінген хабарламада.
Дереккөз: Inalmaty.kz