
20 маусымнан бастап Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақ пилоттық режимде жұмыс істей бастайды. Жаңа учаске Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта енгізіледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомствоның нақтылауынша, қазіргі уақытта учаскеде дайындық жұмыстары жүргізілуде — жол қызметкерлері сары сызықтар сызып, тиісті белгілерді орнатуда. Оларды 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланған.
Жоба қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға, қозғалысты ретке келтіруге және қаланың ең жүктелген көлік дәліздерінің бірінде қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған. Бөлек жолақ автобустардың кідірісін қысқартып, олардың қозғалысын тұрақты әрі ретті етеді деп күтілуде, — деп атап өтті ведомствода.
Жүргізушілерден маршруттарды жоспарлау кезінде белгілер мен сызықтарға мұқият болу сұралады.
Дереккөз: Inalmaty.kz