...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жалған құқық қорғаушылар зейнеткерлерден 1,5 млрд теңге алдап алды

Алматыда құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері болып көрінген алаяқтар зейнеткерлерді жылжымайтын мүлікті сатып, ақшаны бақыланатын шоттарға аударуға сендіріп, 1,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сондай-ақ қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайын және басқа да қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Дереккөз: Zakon.kz