
Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиға болған сәттен бастап жұртшылыққа жедел ақпарат берілген. Қазіргі уақытта олар қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 9 маусымда Алматы маңында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде қолдық шу-жарық гранатасының мерзімінен бұрын жарылғаны белгілі болды. Сол кезде қалалық ПД техникалық инцидент маңында болған бөлімше қызметкерлеріне уақытылы медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Zakon.kz