...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бүгін 35 градус ыстық күтіледі

16 маусымда Алматыда күшті ыстық +35 градусқа дейін жетеді. Синоптиктердің мәліметінше, қалада жоғары өрт қаупі сақталады, ал таулы аудандарда найзағай мен екпінді жел болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын 16 маусымдағы қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы ескертті. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, мегаполисте күшті ыстық күтіледі, ауа температурасы +35 градусқа жетуі мүмкін. Сонымен қатар өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Медеу және Бостандық аудандарының аумағында орналасқан Іле Алатауының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі болжанады.

Ауа райы жағдайларына байланысты құтқарушылар тікелей күн сәулелерінің астында ұзақ уақыт болмауға, ішу режимін сақтауға және өздерінің денсаулығына мұқият болуға кеңес береді.

Сонымен қатар, тұрғындардан от жақпау, сөндірілмеген темекі тұқылдарын қалдырмау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау сұралады.

Тауда белсенді демалысты ұнататындарға ауа райы нашарлаған кезде маршруттарға шығудан бас тартуды ұсынады.

Дереккөз: Inalmaty.kz