
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Көктұма ауылы маңында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан бірнеше демалысушы қауіпті жағдайға тап болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Күшті жел мен биік толқындардың салдарынан демалысушыларды жағадан алыстата бастаған. Жағалауда туристік маусымда қызмет атқарып жүрген полиция майоры Жақсылық Сәрсенов жағадан шамамен 500 метр қашықтықта сапбордтағы төрт адамды байқаған. Олардың екеуі өз бетімен жағаға жетуге тырысқан, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпті жағдайға тап болған.
— Уақыт жоғалтпай, полицей Көктұма ауылының тұрғынымен бірге көмекке жүзіп барды. Алдымен олар Магадандық туристі құтқарып, жағаға жеткізді. Содан кейін құтқару кеудешесін пайдаланып, Ресей Федерациясынан келген екінші демалысушыға оралды, — деп хабарлады облыс полициясы.
Кейін суда тағы бір 30 жастағы әйелдің қалғаны анықталды, ол жүзуді білмейтін және құтқару кеудешесі болмаған. Сонымен қатар, көлде Алматы қаласынан келген тағы екі демалысушы болған. «112» қызметіне хабарласқаннан кейін оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді.
Құтқарушылар адамдарды жағадан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта тауып, жүзу құралының көмегімен құрлыққа жеткізді. Төтенше қызметтер келгенге дейін полиция майоры мен жергілікті тұрғын әйелді суда ұстап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, трагедияға жол бермеді.
Барлық құтқарылғандар аман-есен жағаға жеткізіліп, медициналық көмек қажет етпеген.
Дереккөз: Inform.kz