...
... Алматы
USD
EUR
RUB

«Медеу» мұз айдынына келушілерге шектеулер енгізілді: желтоқсанға дейін созылады

Алматыдағы «Медеу» биік таулы мұз айдынының жанындағы автотұрақ биылғы жылдың желтоқсанына дейін жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңарту аясында биылғы жылдың 16 маусымынан желтоқсанға дейін жақын маңдағы автотұраққа кіру уақытша шектеледі.

«Шектеулер құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және нысан аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты. Уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», — деп хабарлады Алматы қаласының құрылыс басқармасы.

Бұған дейін Алматыдағы «Медеу» мұз айдынын қайта жаңарту 2027 жылдың соңында аяқталатыны хабарланған болатын. Премьер-министр Бектенов «Медеуді» қайта жаңарту 2025-2027 жылдарға жоспарланғанын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын айтқан еді.

Дереккөз: Nur.kz