...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда №87 жаңа автобус бағыты іске қосылады: Горный Гиганттан Таможняға дейін

Алматыда 13 маусымнан бастап №87 жаңа автобус бағыты іске қосылады, ол «Горный Гигант» шағынауданын «Таможня» аялдамасымен байланыстырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Алматы көлік холдингіне сілтеме жасап.

Желіде жұмыс күндері де, демалыс күндері де 18 автобус жүреді. Бағыт күн сайын 5:50-ден 23:02-ге дейін қызмет көрсетеді. Қозғалыс аралығы шамамен 11 минутты құрайды.

«Горный Гигант» шағынауданы бағытында автобустар «Таможня» аялдамасынан Майлин, Хмельницкий, Рихард Зорге көшелерімен, Сейфуллин даңғылымен, одан әрі Шевченко, Попов және Алдар Көсе көшелерімен жүреді.

Кері бағытта маршрут Жамақаев көшесімен, Әл-Фараби даңғылымен, Попов және Шевченко көшелерімен, содан кейін Сейфуллин даңғылымен Рихард Зорге, Хмельницкий және Майлин көшелеріне шығып, «Таможня» аялдамасына дейін барады.

Дереккөз: Inalmaty.kz