...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы зообағында арыстанға тас лақтырған әйел: полицияға материал жолданды

Алматы зообағының әкімшілігі Джума есімді арыстанға тас лақтырған келушіге қатысты полицияға материал жолдады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мекеме әкімшілігінің мәліметінше, келуші әйел Джума есімді арыстанның назарын аудартпақ болып, оған тас лақтырған. Зообақ ережелеріне сәйкес, жануарларға кез келген затты лақтыруға, торларды қағуға, мазақтауға немесе әдейі мазалауға тыйым салынған.

Әкімшілік оқиғаға дереу жауап бергенін мәлімдеді. Бейнебақылау камераларының жазбалары мен арыз заң аясында қарау және шара қолдану үшін полицияға жіберілді.

Зообақ келушілерді жануарларға ұқыпты қарауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырды. Бұған дейін Алматы зообағында арыстанға тас лақтырған ер адамға ірі көлемде айыппұл салынғаны хабарланған.

Дереккөз: Zakon.kz