...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қытай туристі Алматы тауларында квадроциклден құлап, жарақат алды

Қытайлық турист Алматы тауларында квадроциклмен серуендеу кезінде аударылып, оң қолынан жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел жетіп, зардап шеккен қызға алғашқы көмек көрсетіп, таулы жерден қауіпсіз түсіруді ұйымдастырып, дәрігерлер бригадасына тапсырған.

Қызды тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізді.

Бұған дейін Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында 2026 жылғы 10 маусымда жас жігіт квадроциклде апатқа ұшырап, қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz