...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жүріс-тұрыс ішінара шектеледі

Медеу және Бостандық аудандарында маусым айында орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңарту басталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-на сілтеме жасап. Компанияның хабарлауынша, жаңғырту 17 мыңнан астам пәтер мен 288 жеке үйді газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарға байланысты әл-Фараби даңғылының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізіледі.

Қайта жаңарту жалпы ұзындығы 1 154 метр болатын газ құбыры учаскесін қамтиды: Луганский көшесінен бастап әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Қаратаев көшесіне дейін. Жұмыстар бір уақытта төрт учаскеде жүргізіледі: Falcon City тұрғын үй кешенінің алдында – 335 метр; Ritz-Palace сауда-ойын-сауық орталығының қарсысында – 471 метр; Мендіқұлов көшесі мен Назарбаев даңғылы арасында – 166 метр; Померанцев және Қаратаев көшелері арасында – 162 метр.

Жаңғырту барысында мамандар жарты ғасырдан астам уақыт бұрын төселген диаметрі 426 миллиметрлік газ құбырын диаметрі 720 миллиметрлік заманауи құбырларға ауыстырады. Бұл желінің қызмет ету мерзімін ұзартуға және қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін энергиямен жабдықтау қуатын арттыруға мүмкіндік береді.

Автокөлік иелеріне уақытша шектеулерді алдын ала ескеру және мүмкіндігінше баламалы бағыттарды таңдау ұсынылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz