...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түнгі рейд: 70-тен астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Алматыда Абай даңғылында полицейлер фильтрациялық бекет ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау бойынша ауқымды түнгі профилактикалық іс-шара өткізді. Бір түнде 70-тен астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыда өткен түні «бөтелке мойны» әдісін қолдана отырып, фильтрациялық бекет орнатылды. Іс-шара мегаполистің шығыс және батыс бағыттарындағы негізгі көлік дәліздерінің бірінде өткізілді. Рейдтің негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін бақылауды күшейту және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау.

Профилактикалық операция барысында көлік құралдары тексеріліп, оның ішінде алкогольдік және есірткілік масаң күйдегі жүргізушілер, сондай-ақ техникалық ақаулары мен заңсыз тонировкасы бар автомобильдер анықталды. Іс-шараға эвакуаторлар мен қызметтік иттері бар кинологиялық бөлімшелер жұмылдырылды. Тексерулер кешенді сипатта болып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталды.

Полиция мәліметінше, осы учаскеде бір түннің ішінде 70-тен астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, жолы кесілген.

Дереккөз: Inalmaty.kz