...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Кілтін жоғалтып, терезеден кірмек болған әйел Алматыда құлап кетті (видео)

Алматы тұрғыны пәтерінің кілтін жоғалтып, үйге терезеден кірмек болған, алайда тормен бірге құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тәртіп сақшылары Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатынан әйел адамның құлағаны туралы хабарлама алған.

Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу жіберілді. Ақпарат расталды. Зардап шеккен адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, әйел пәтерінің кілтін жоғалтып, ішке терезеден кірмек болған. Алайда терезе торы көтере алмай, онымен бірге төменге құлаған. Тұрмыстық жағдай ауыр зардаптарға әкеп соқты, — деп атап өтті полицияда.

Оқиға бейнежазбасы Алматы қалалық ПД-ның Instagram парақшасында жарияланған.

Дереккөз: Nur.kz