
Алматыда түнгі дрифт ұйымдастырған жүргізуші ұсталып, сот шешімімен қамаққа алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, құқық бұзушыны жедел анықтап, ұстаған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілген. Сот қарауының қорытындысы бойынша жүргізуші кінәлі деп танылып, қамауға алынды.
Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінур Тасыбаевтың айтуынша, мұндай әрекеттердің ойын-сауық немесе жүргізу шеберлігін көрсетуге еш қатысы жоқ, бұл қоғамдық тәртіпті тікелей бұзу болып табылады және азаматтардың қауіпсіздігіне, қала тұрғындарының тыныштығына қатер төндіреді.
Ведомство мұндай фактілердің бәрі қатаң түрде жолын кесілетінін және құқық бұзушылардың жазасыз қалмайтынын атап өтті.
Дереккөз: Zakon.kz