
Алматы полициясы BMW көлігінің жүргізушісін ұстады, ол қала көшелерінің бірінде дрифт жасап, тұрғындардың тыныштығын бұзды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Түнгі сағат үш шамасында жүргізуші жол қозғалысы ережелерін ашық түрде елемей, дрифт жасап, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген.
Алматы полициясы ер адамды анықтап, ұстады. Оған бірден алты құқық бұзушылық бойынша әкімшілік материалдар жасалды.
Көлік арнайы тұраққа қойылды. Сот шешімімен құқық бұзушы қамауға алынды. Алматы полициясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және қала тұрғындарының тыныштығын бұзбауға шақырды.
Дереккөз: Inform.kz