
Алматыдағы Мадениет шағын ауданының тұрғындары 10 маусымда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін суық сусыз қалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алматы Су» мекемесінің мәліметінше, Алатау ауданындағы Мадениет шағын ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлер мен жеке тұрғын үйлерге суық су беру уақытша шектеледі.
Тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырамыз, — делінген хабарламада.
Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады. Бұған дейін, 9 маусымда Алматыдағы Шұғыла шағын ауданында су өшірілген болатын.
Дереккөз: Zakon.kz