...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгерді

10 маусымнан бастап Алматыда №25, №99 және №102 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық Көлік холдингінің мәліметінше, түзетулер көлік айрығының құрылысы аяқталып, Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзартылуына байланысты.

№25 бағыт солтүстік бағытта Шәріпов, Саин және Шұғыла көшелерімен жүріп, Рысқұлов даңғылы мен Саин көшесінің торабындағы көлік айрығында бұрылып, одан әрі Саин, Шұғыла және Бәйтенов көшелерімен қалыптасқан схема бойынша жүреді.

Кері бағытта автобустар Бәйтенов, Шұғыла және Саин көшелерімен жүріп, Мөңке би көшесінің көлік айрығында оңтүстікке бұрылып, одан әрі Шұғыла және Шәріпов көшелерімен схема бойынша жүреді.

№99 бағыт батыс бағытта Рысқұлов даңғылымен, Шәріпов, Шұғыла және Саин көшелерімен жүріп, Рысқұлов даңғылы мен Саин көшесінің торабындағы көлік айрығында бұрылып, одан әрі солтүстік бағытта Саин, Шұғыла және Бәйтенов көшелерімен «Садовый көшесі» соңғы аялдамасына дейін жүреді.

Кері бағытта автобустар «Садовый көшесі» соңғы аялдамасынан Бәйтенов, Шұғыла және Саин көшелерімен жүріп, оңтүстікке бұрылып, одан әрі Шұғыла және Шәріпов көшелерімен, әрі қарай Рысқұлов даңғылымен қалыптасқан схема бойынша жүреді.

№102 бағыт солтүстік бағытта Шәріпов, Шұғыла және Саин көшелерімен жүріп, Рысқұлов даңғылы мен Саин көшесінің торабындағы көлік айрығында бұрылып, одан әрі Саин, Шұғыла және Бәйтенов көшелерімен қалыптасқан схема бойынша жүреді.

Кері бағытта автобустар Бәйтенов, Шұғыла және Саин көшелерімен жүріп, Мөңке би көшесінің көлік айрығында оңтүстікке бұрылып, одан әрі Шұғыла және Шәріпов көшелерімен схема бойынша жүреді.

Бұған дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде 8 жылдық құрылыстан кейін қозғалыстың техникалық ашылуы туралы хабарланған болатын. Пайдалануға берілген учаскенің ұзындығы 3,2 шақырымды құрайды.

Дереккөз: Inform.kz