
Алматыдағы айырбас пункттерінде долларды 488 теңгеден сатып жатыр. 9 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 490.21 теңге болып, 5.12-ге өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 9 маусымдағы ресми доллар бағамы – 484.78 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 486 теңге, сату бағамы – 488 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv