
Синоптиктер бүгін, 9 маусымда Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтілетінін айтты. Болжам OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бүгін Алматыда аздаған жаңбыр уәде етілген. Күндіз температура +30 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде +20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,8 м/с құрайды.
Астана тұрғындарына да аздаған жаңбыр болжанады. Күндіз ауа +31 градусқа дейін жылынады, түнде температура +18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 12,0 м/с.
Шымкентте бүгін бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз термометр бағандары +31 градусқа дейін көтеріледі, түнде +21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с деңгейінде болады.
Дереккөз: Nur.kz