
Алматыда екі бардың қызметін тоқтата тұру мәселесі қаралуда. Себебі полиция олардың келушілері арасынан кәмелетке толмағандарды анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Медеу ауданында полиция профилактикалық іс-шаралар аясында ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізді.
«Тексеру барысында екі бардан кәмелетке толмағандардың ересектердің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта болу фактілері анықталды. Сонымен қатар, жасөспірімдердің алкогольдік ішімдіктер ішкені анықталды. Барлық кәмелетке толмағандар полицияға жеткізілді, олардың заңды өкілдері де шақырылды. Ата-аналар бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Полиция департаментінен.
Мекеме әкімшілігіне қатысты іс қозғалып, барлардың қызметін тоқтата тұру мәселесі қаралуда.
Дереккөз: Nur.kz