...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда найзағайлы жаңбыр күтіледі: 7 маусымға ауа райы болжамы

Алматыда бүгін, 7 маусымда, найзағайлы жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +28 градусқа дейін көтеріліп, түнде +17 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана тұрғындарына ауыспалы бұлттылық болжанып отыр. Күндіз ауа +30 градусқа дейін жылынса, түнде температура +17 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы секундына 5-10 метр болады.

Шымкентте бүгін ашық аспан күтіледі. Күндіз термометр бағандары +34 градусқа дейін көтеріліп, түнде +18 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы секундына 8-13 метрді құрайды.

Синоптиктердің болжамы OpenWeather порталында жарияланған.

Дереккөз: Nur.kz