...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 1,3 млрд теңгелік актив сот шешімімен мемлекетке қайтарылды

Алматыда сот шешімімен «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесі мемлекетке қайтарылды. Кассациялық саты компанияны жекешелендіру мен одан кейінгі мәмілелерді заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, 2015 жылы аталған кәсіпорын жеке заңды тұлғаға жекешелендірілген. Кейін серіктестіктің мүлкі, оның ішінде Алматының Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 шаршы метр ғимарат және жер телімі иеліктен шығарылған.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Әуезов ауданы прокуратурасы сотқа жекешелендіру шарты мен кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қойған. Кассациялық сот прокуратураның талаптарын толық көлемде қанағаттандырды.

Нәтижесінде құны 1,3 млрд теңгеге бағаланған актив мемлекет меншігіне қайтарылуға тиіс. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Дереккөз: Inalmaty.kz