
5 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 487.44 теңгені құрап, 2.26-ға өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 5 маусымдағы ресми доллар бағамы 485.34 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 485 теңге, сату бағамы 487 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv