
Алматыға Польшадан авиакомпания, туроператорлар және тревел-блогерлер кірген делегация келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Таныстыру туры аясында қонақтар қаланың басты туристік нүктелерін – түрлі-түсті Жасыл базар мен аты аңызға айналған «Рахат» фабрикасынан бастап 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағына дейін ашты. Делегацияға таулы аймақтар – Шымбұлақ курорты мен Алматыға панорамалық көрініс ашылатын Көк-Төбе саябағы ерекше әсер қалдырды.
Қазақ мәдениеті мен гастрономиясына ерекше назар аударылды: қонақтар ұлттық мейрамханаларға барды, дәстүрлі тағамдар мен қазақстандық өндірушілердің өнімдерін татып көрді.
Almaty Tourism Bureau поляк делегациясының жергілікті туроператорлармен кездесуін ұйымдастырды. Қатысушылар туристік өнімдерді таныстырды, тәжірибе және байланыс ақпараттарымен алмасты, сондай-ақ ынтымақтастық перспективаларын талқылады. LOT авиакомпаниясының өкілдері ұшу бағыттары мен бороттық журналдарды таныстырды.
Қонақтар Алматының қонақжайлылығы мен туристік әлеуетін атап өтті. Варшава мен Алматы арасындағы тікелей рейстің іске қосылуы туристік ағынның дамуына қосымша серпін беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Дереккөз: Almaty.tv