...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда әйел бесінші қабаттан құлап, қаза тапты

Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешенінің бесінші қабатынан әйел құлап, қаза тапты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 1988 жылы туған әйел бесінші қабат терезесінен құлаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлімін растаған. Қазіргі уақытта Наурызбай ауданы полиция басқармасы қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу амалдарын жүргізуде.

Қаза тапқан әйел осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны болған. Алдын ала мәлімет бойынша, соңғы кездері ол жеке жағдайына байланысты ауыр эмоционалдық күйде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Дереккөз: Inalmaty.kz