
Air Astana Алматыдан Дубайға тұрақты рейстерін кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін мәлімдеді. Алматыдан ұшулар 20 маусымнан, ал Астанадан 10 шілдеден қайта жанданады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әуекомпанияның хабарлауынша, Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстер Пәкістан аумағы арқылы орындалады. Бұл шешім әуе қатынасының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.
Рейстерді қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүргізіледі. 15-21 маусым аралығында Алматы-Дубай бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет орындалады, одан кейін ұшу жиілігі біртіндеп артады. 6 шілдеден бастап бағыт күнделікті болады.
Астанадан рейстер 10 шілдеден бастап аптасына үш рет жиілікпен орындала бастайды. Тамыздың басына қарай әуекомпания осы бағыт бойынша да күнделікті рейстерге шығуды жоспарлап отыр.
Бұрын билеттері 31 шілдеге дейінгі ұшу күндеріне қайта броньдалған жолаушыларға сапарды ертерек рейстерге тегін ауыстыру мүмкіндігі берілген. Алматы-Дубай бағыты үшін бұл опция 20 маусымнан, Астана-Дубай бағыты үшін 10 шілдеден қолжетімді.
Дереккөз: Inalmaty.kz