
6 маусымнан бастап Алматыда №134 және №140 екі жаңа автобус бағыты жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағыттарға жеке тасымалдаушы «NomadBus» ЖШС қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге Yutong маркалы 23 заманауи электробус шығады. Ұзындығы 12 метр болатын төмен еденді көлік 90 жолаушыға дейін тасымалдауға есептелген және қауіпсіздік, жайлылық пен экологиялылықтың заманауи талаптарына сай келеді.
Бағыттарды іске қосу қалалық бюджет қаражатын тартпай, тасымалдаушының меншікті инвестициялары есебінен жүзеге асырылды.
№134 бағыты Алматы-1 вокзалын «Автостанция» соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың ұзындығы 39,7 шақырымды құрайды. Автобустар күн сайын сағат 5:50-ден 23:00-ге дейін жүреді.
№140 бағыты «Райымбек батыр» метро станциясы мен Горный гигант шағынауданын қосады. Оның ұзындығы 18,4 шақырымды құрайды. Бағыттың жұмыс уақыты – күн сайын сағат 5:55-тен 23:00-ге дейін.
Дереккөз: Inalmaty.kz