
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыдағы спорт мектебінің фигуристеріне қажетті жабдықтарды сатып алуға сертификаттар сыйлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шайдоров Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласындағы №3 КДЮСШ-да мұзда жаттығатын балаларға кішігірім сыйлық жасағанын жазды. Ол 30 балаға әрқайсысына 200 мың теңгеден спорттық жабдықтарға арналған сертификаттар табыстаған. Барлығы 6 млн теңге жұмсалған.
«Бүгін Алматы қаласындағы №3 КДЮСШ-да мұз үстінде жаттығатын балалармен кездесіп, Балаларды қорғау күніне орай оларға кішігірім сыйлық – спорттық жабдықтарға арналған сертификаттар жасадым. Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет! Балаларға жағымды эмоциялар мен өз күшіне сенім сыйлай алғаныма қуаныштымын. Біздің керемет спорт түрінен көптеген балаларды қолдауға тырыса беремін», – деп жазды ол.
Бұған дейін Шайдоров Миландағы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен бері жалақы алмағанын және дәрігерінен айырылғанын айтқан еді. Оның сұхбатына Қазақстан Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясы жауап берді. Кейін Спорт және дене шынықтыру істері комитеті фигуристтің жақын арада төлем алатынын мәлімдеді. Шайдоров «өз есімін ласқа араластыруға жол бермейтінін» айтып, 1 маусымда Спорт министрлігі келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады. 5 маусымда ол жаңа маусымға дайындалу үшін АҚШ-қа аттанады деп күтілуде.
Дереккөз: Nur.kz