
Алматыда Төле би көшесі, 293/1 мекенжайында анықталған заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды. Құрылыс жалпы пайдалану аумағында салынып, қажетті рұқсаттарсыз пайдаланылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан жалпы пайдалану аумағында орналасып, қажетті рұқсат құжаттарынсыз пайдаланылған. Бұзушылық анықталғаннан кейін мамандар меншік иесімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құрылыс және жер пайдалану саласындағы заңнама талаптарын еске салған.
Нәтижесінде меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.
Ведомство Алматыда заңсыз құрылыстарды анықтау және жою жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Дереккөз: Inalmaty.kz