...
... Алматы
USD
EUR
RUB

ALMATY SUMMER FEST: Алматыда 6 маусымда жаңа жазғы фестиваль басталады

Алматыда 6 маусым күні ALMATY SUMMER FEST атты жаңа жазғы фестиваль өтеді. Бұл жоба концерттер, аспаздық аймақтар мен ашық аспан астындағы ойын-сауық шараларын біріктіреді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі фестиваль алаңы «Алатау» дәстүрлі өнер театры болатынын мәлімдеді. Жаз бойы мұнда танымал қазақстандық әншілер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен ашық аспан астында концерттер ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар жоба қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени демалысын дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Фестивальдің салтанатты ашылуы 6 маусым күні сағат 18:00-де басталады. Алғашқы күні сахнада Қайрат Нұртас, Луина, Айдана Меденова, ALFA тобы, Ұланғасыр Қами, Аман Ахмет, Arsenaleen, IGIGAI, Akbotiz, DJ Akhmetoff, сондай-ақ «Алатау» театрының әртістері өнер көрсетеді.

Концерттік бағдарламадан бөлек, қонақтар үшін интерактивті аймақтар, ойын-сауық алаңдары және бүкіл отбасына арналған белсенді шаралар дайындалады.

Дереккөз: Inalmaty.kz