...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Отырыста Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге дайындық, мемлекеттік рәміздердің қолданылуын мониторингілеу нәтижелері, сондай-ақ оларды кеңінен насихаттау және танымал ету шаралары қаралды.

Мемлекеттік рәміздер ел тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің маңызды атрибуттары екені атап өтілді.

Сондай-ақ Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мәртебесіне сәйкес тиісті деңгейде пайдаланылуын қамтамасыз ету және заңнама талаптарының сақталуын тұрақты бақылау барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің ортақ міндеті екені айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімдерінің аппараттарына, Білім және денсаулық сақтау басқармаларына мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде анықталған заңнама бұзушылықтарды жою бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар Ішкі саясат басқармасына мемлекеттік органдармен бірлесіп қоғамдық мониторинг жүргізу жұмысын жалғастыру тапсырылды.

Комиссия мүшелері жастарды патриоттық тәрбиелеуді күшейту және мемлекеттік рәміздердің мәні мен рөлін түсіндіруге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, оларды пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Дереккөз: Inform.kz