
Қазақстанда жазғы маусымға орай бірнеше танымал бағыт бойынша қосымша Тальго пойыздары іске қосылады. Олар «Нұрлы жол – Достық», «Алматы-2 – Достық» және «Алматы-2 – Семей» бағыттарын қамтиды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа құрамдар №254/253 «Нұрлы жол – Достық», №211/212 «Алматы-2 – Достық», №207/208 «Алматы-2 – Достық» және №231/232 «Алматы-2 – Семей» маршруттарына тағайындалды.
№254/253 «Нұрлы жол – Достық» пойызы 22 маусым мен 31 тамыз аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері жүреді. Құрамда 27 вагон және 344 жолаушы орны бар, оның ішінде аз қозғалатын жолаушыларға арналған купе де қарастырылған.
№211/212 «Алматы-2 – Достық» пойызы 20 маусым мен 30 тамыз аралығында күн аралатып, тақ күндері жүреді. Құрам 23 вагоннан тұрады және 326 жолаушыға есептелген.
№207/208 «Алматы-2 – Достық» пойызы 19 маусым мен 29 тамыз аралығында күн аралатып, жұп күндері қатынайды. Құрамда 22 вагон және 288 орын бар.
№231/232 «Алматы-2 – Семей» пойызы 18 маусым мен 30 тамыз аралығында күн аралатып, жұп күндері жұмыс істейді. Пойыз да 22 вагоннан тұрады және 288 жолаушыға есептелген.
Дереккөз: Inalmaty.kz