...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Open-Air концерт өтеді: 4 маусымда Көктөбеде

4 маусымда сағат 17:00-де Алматыдағы «Көктөбе» демалыс саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды Open-Air концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шара заманауи фестиваль форматында өтіп, бір алаңда әртүрлі буын өкілдерін біріктіреді. Музыка, өнер және шығармашылыққа толы мерекелік кеш қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлап, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Концертте қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары патриоттық әндерді орындап, көрермендерге жарқын эмоциялар мен керемет көңіл-күй сыйлайды. Қонақтар алдында Айдар Тұрғанбек, Төреғали Төрәлі, Әбдіжаппар Әлқожа, Тұрар, Ақботанұр Сейтмағамбет, Баянсулу, Диная, Ернар Жұматаев, сондай-ақ «КешYOU», «Алашұлы» және «Абырой» топтары өнер көрсетеді.

Алматы тұрғындары мен қонақтары Мемлекеттік рәміздер күнін бірге атап өтіп, мерекелік концерттен ләззат алуға шақырылады.

Дереккөз: Almaty.tv