...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда құрылыс нормаларын бұзған компаниялар лицензиясынан айырылды

Алматыда құрылыс нормаларының сақталуын бақылау күшейтіліп, тексеру қорытындысы бойынша бірқатар құрылыс және жобалау ұйымдары лицензиясынан айырылды, ал 200-ден астам компанияның рұқсат құжаттарының әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, шаралар аясында бірқатар құрылыс және жобалау ұйымдарының мемлекеттік лицензиялары тоқтатылып, кейбірінен айырылған. Атап айтқанда, «ДО АО «КазНИИСА» ЖШС құрылыс қызметіне лицензиясынан айырылды. Себебі — осы профильдегі ұйымдар үшін міндетті біліктілік талабы болып табылатын өндірістік базаның болмауы.

Сондай-ақ құрылыс нормаларын қайталап бұзғаны және бұрын берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС лицензиясынан айырылды. Баспасөз қызметінің дерегінше, бұл компанияға бұрын да бірнеше рет әкімшілік шаралар қолданылған.

Сонымен қатар, жобалауға арналған I санаттағы лицензиядан «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС айырылды. Тағы бір ұйым — «Отау-Құрмет» ЖШС бекітілген жобалық шешімдерден ауытқығаны және құрылыс нормаларына сәйкес келмегені үшін лицензиясынан айырылды.

Қала прокуратурасының ұсынысы бойынша 214 құрылыс компаниясының лицензиясының әрекеті тоқтатылды. Негізгі себеп — біліктілік талаптарына сәйкессіздіктер анықталған. Қызметін қайта бастау үшін компаниялар бұзушылықтарды жойып, белгіленген нормаларға сәйкестігін растауы қажет.

Дереккөз: Inalmaty.kz