
Алматыдағы айырбас пункттерінде долларды 494 теңгеден сатып жатыр. 2 маусымдағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 492.75 теңге болып, 3.19 теңгеге өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасаған Almaty.tv хабарлауынша, Ұлттық банктің 2 маусымдағы ресми доллар бағамы 488.96 теңгені құрады.
kurs.kz сайтының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы — 491 теңге, сату бағамы — 493 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv