...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда LEZ аймағына кірген жүргізушілерге push-хабарлама келеді

Алматыда «Парковки Алматы» қосымшасына тіркелген жүргізушілерге зиянды шығарындылар деңгейі төмен аймаққа (LEZ) кірген кезде push-хабарлама келе бастайды. Жаңа ақпараттандыру жүйесі 28 сәуірден бастап іске қосылған көлік ағындарын есепке алудың цифрлық инфрақұрылымын енгізу бойынша техникалық пилоттық жобаның бір бөлігі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Хабарламалар аймаққа кірген кезде жүйемен тіркелген көлік иелеріне жіберіледі. Ескертпе мәтінінде пилоттық режимде жұмыс істейтін зиянды шығарындылар деңгейі төмен аймаққа кіру күні, www.almaty-parking.kz сайтына сілтеме және +7 (727) 390 8000 байланыс нөмірі көрсетіледі.

Пилоттық жоба мына көшелер алаңында жүзеге асырылады: оңтүстігінде Бөгенбай батыр көшесі, солтүстігінде Абай даңғылы, шығысында Желтоқсан көшесі және батысында Достық даңғылы.

Қазіргі кезеңде жүргізушілер үшін ешқандай қозғалыс шектеуі, айыппұл немесе жол жүру ақысы қарастырылмаған. Пилоттың негізгі міндеті – технологиялық платформаның жұмысын сынау және қалалық инфрақұрылымның дайындығын бағалау.

Пилоттық кезеңнің басты мақсаты – мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу процесін бақылау, оның ішінде көлікті есепке алудың кешенді жүйесі және LEZ аймағына кіретін көлік ағындары туралы деректерді талдау модулі.

Техникалық пилоттық кезең ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Осы уақыт бойы аталған учаскелерде қозғалыс әдеттегі штаттық режимде жүзеге асырылады.

Дереккөз: Almaty.tv