...
... Алматы
USD
EUR
RUB

3-5 маусымда Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы: жаңбыр мен +36°С-қа дейін ыстық

Қазақстанның үш ірі қаласында 3-5 маусым аралығында ауа райы құбылмалы болады. Астанада кей күндері жаңбыр мен найзағай күтілсе, Шымкентте термометрлер +36°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана:
3 маусым – айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.
4 маусым – айнымалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с. Түнде +17+19°С, күндіз +25+27°С.
5 маусым – айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С.

Алматы:
3 маусым – айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С.
4 маусым – айнымалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8, екпіні 13 м/с. Түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.
5 маусым – айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С.

Шымкент:
3 маусым – айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +17+19°С, күндіз +34+36°С.
4 маусым – айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.
5 маусым – айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Түнде +16+18°С, күндіз +32+34°С.

Дереккөз: Zakon.kz