
Алматылық 15 жасар Раянаға қатерлі ми ісігіне шалдыққан, оны емдеуге 105 млн теңге қажет. Қазірдің өзінде 9,5 млн теңге жиналды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қаңтар айында Раяна бас ауруына байланысты сабақтан сұранып, көп ұзамай жедел жәрдеммен жұқпалы ауруханаға жеткізіліп, менингит диагнозы қойылды. Бір аптадан кейін жағдайы нашарлап, компьютерлік томография, МРТ және биопсия жасалды. Нәтижесінде «глиобластома төртінші дәрежесі» — қатерлі ми ісігі анықталды.
«Ісік өте тез таралады, белгілі бір мөлшерге жетпейінше өзін білдірмейді. Біз Стамбұлға мақсатты препараттармен емделуге ұшуға мәжбүр болдық. Қызым алдымен химиотерапия және сәулелік терапия курстарынан өтті. Бұл шығындарды жаба алдық. Алайда мақсатты емдеуге арналған препараттардың құнын көтеру қолымыздан келмейді», — деді қыздың анасы Қайниса Жүнісова.
Анасы зейнеткер, әкесі инфаркттан кейін мүгедектік алған. Отбасы қаржылай көмек сұрап, барлық қайырымды адамдарға үндеу жасады. Қаражат аударуға болады: Freedom 4002 8900 3209 5741, Kaspi 4400 4302 3059 5156 (номірге байланған: +7 702 432 94 72, Гүлзат Э.), Halyk 4405 6397 8381 9525 (номірге байланған: +7 775 599 59 18, Әділет Э.), VTB Bank 2204 3601 0033 6658. Instagram: @komek_pomosh_help.
Дереккөз: Nur.kz